Түркия арқылы Еуропаға өтпек болған босқындар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия арқылы Еуропаға өтпек болған босқындар ұсталды

12.11.2019

Түркияның Айваджик қаласында жүк көлігінен 82 мигрант табылды. Олар теңіз арқылы Еуропаға жетпек болған. Босқындардың барлығы – Ауғанстан азаматтары. Қазір полиция оларды еліне қайтару үшін репатриациялық орталыққа орналастырды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз ағылған босқындар саны 2015 жылы миллионнан асып кеткен. Алайда сол жылы Анкара Еуропалық Одақтан 3 миллиард еуро алып, мигранттар қозғалысын қатаң бақылауға алған соң, олардың саны күрт азайды. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу