Бюджет қаражатын игермегендер жауапкершілікке тартылады. Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Осы ретте Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге жыл соңына дейін 1,5 ай ғана уақыт қалғанын ескертті.
Аз уақыт қалды екен деп, жұмысты шалағай атқармай, сапалы орындауды қадап тапсырды. 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын баяндаған Қаржы министрі Әлихан Смайылов бірқатар министрлік пен әкімдік республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отырғанын айтты. Ақша игере алмай отырған ведомстволар тізімін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастап тұр.
Ғабит Бөкенбай