Бүгін Нұр-Сұтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға сағат 09:10 шамасында болды. Пушкин көшесімен тіке кетіп бара жатқан №40 жолаушылар автобусына трактор жүргізушісі жол бермеген, ол Пушкин көшесіне солға бұрылмақ болған. Салдарынан жол апаты орын алды. Автобуста жолаушылар болған. Қазір тексеру жүріп жатыр», - делінген хабарламада.