Президент 12 жылдық оқу мерзіміне асықпай көшу керектігін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 12 жылдық оқу мерзіміне асықпай көшу керектігін айтты

11.11.2019

12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде асықпай көшу керек. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, осыны қадап тапсырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдап, осы ретте заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеудің қажеттілігін айтты.

Ал Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Президент квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігі жайындағы талдау нәтижелерімен танысты. Кездесу соңында, Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.


Хабарламаларға жазылу