Елбасы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атады

17.05.2018
Елбасы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атады

«Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін де қарастырады». Бұл - Қазақстан Президентінің «Global Challenges Summit 2018» XI Астана экономикалық форумында білдірген пікірі.

Елбасы сондай-ақ, форум барысында шиеленісті жағдайлардың көбейгеніне және қазіргі өркениеттің жаңа жаһандық трансформациясына тоқталып, ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атап өтті. Олардың қатарында адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатының және  жаһандық еңбек нарығының өзгеруі бар.

«Осы басқосуда орнықты даму, экономикалық теңсіздікті қысқарту, халықаралық сауда-саттықтың, жалған ақпарат таратудың, криптовалютаны қолдану мен оны реттеудің жаңа ережелерін айқындау мәселелерін талқылауға болады. Жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдер әзірлеу ісіне бүкіл халықаралық қоғамдастықтың атсалысуы қажет екенін ескеріп, бұл бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы алаңда жүзеге асыруды ұсынамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, XI Астана экономикалық форумындағы дәстүрлі тақырыптар – жаһандық экономика, цифрландыру мәселелерінен бөлек, геосаяси, экологиялық проблемалар, урбанизация, табиғи ресурстар, жаңа энергия, ғаламдық қауіпсіздік, адамзаттың сапалы өмір сүру ұзақтығы сынды түйткілдерді қамтиды.

Хабарламаларға жазылу