Президент Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтандағы №23 орта мектепке барған етін, мектептің түйткілді мәселелерін білетінін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.
Иә, астананың өзінде үш ауысымды 8 мектеп бар. Мысалы, №85 мектепте 1200 баланың орнына 3200 бала оқиды. Ал еліміз бойынша былтырғы оқу жылында үш ауысымды 128 мектеп болған, 800 мектепті күрделі жөндеу керек. Білікті мамандардың айтуынша, мұғалім назарында 12-18 баланы ғана ұстай алады екен.
Ал назарға ілікпеген, партаға шынтағы сыйып, кең отыра алмай, тар дәлізде еркін жүре алмай, қақтығысып-соқтығысқан балалардың зейіні неге ауады? Алақ-жұлақ, алақ-жұлақ... Сонымен «Сығылысқан парталар - тығылысқан балалар». Немесе «Саман мектептерде сандық технологиялар бола ма?» деген тәрізді түрлі атау қойып, айтатын дүние көп, оған уақыт жеткізе алмай жасайтын материал. Кезекті материал.
Ақерке БЕКТАС