Мәжілісмендер Ақтаудағы оқ-дәрі сақталатын нысандарды тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісмендер Ақтаудағы оқ-дәрі сақталатын нысандарды тексерді

08.11.2019

Мәжілісмендер Ақтау гарнизонының бірқатар әскери нысандарын аралады. Әскери құралымдардағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігі мен сақталуы тексерілді. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаев оқ-дәрілерді сақтаудың жалпы жүйесі және Арыс қаласында төтенше жағдайларды жою мен қалған оқ-дәрілерді орналастыру жұмыстары туралы айтып берді.

Сақтау объектілері шекарадан алыс елді мекендер мен басқа да объектілерден, қоймалардан қауіпсіз қашықтықта орналасуы тиіс. Көшпелі отырыс барысында айтылған сындарлы ұсыныстар заңнаманы жетілдіру аясында көрініс табатынын айтылды.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу