Плагиат жасады деп айыпталған Білім вице-министрі басқа қызметке ауысады

08.11.2019
Плагиат жасады деп айыпталған Білім вице-министрі басқа қызметке ауысады

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, плагиат дауына қалған Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа бергенін хабарлаған еді.


Хабарламаларға жазылу