Гус Хиддинк - Голландия құрамасының бас бапкері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гус Хиддинк - Голландия құрамасының бас бапкері

25.03.2014
Гус Хиддинк - Голландия құрамасының бас бапкері
Ресейдің және «Анжи» командасының бұрынғы жаттықтырушысы Гус Хиддинк Голландия құрамасымен 2 жылға келісімшарт жасасты. Ол бас бапкерлік қызметке Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін кіріседі.
 
Гус Хиддинктің көмекшісі ретінде Данни Блинд мен Руд ван Нистелрой тағайындалды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін Хиддинк басқа қызметке ауысады деп күтілуде. Ал оның орнын Данни Блинд басады.   Ал Яп Стам құрамадағы жаттықтырушылардың бірі болудан бас тартты. Бұл орын үшін Франс Хукпен келіссөздер жүріп жатыр.
 
Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан мен Голландия құрамасы бір топқа түсті. Сонымен қатар, «А» тобында Чехия, Түркия, Исландия және Латвия командалары бар.

Хабарламаларға жазылу