Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс- Н.Нығматулин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс- Н.Нығматулин

06.11.2019

Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин осылай деді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекетік басқаруды жетілдіру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру туралы заң жобасына енгізілуі мүмкін өзгерістерде салық салу жүйесіне байланысты мәселелер қаралған. Мәселен, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілмек. Яғни өңірлердің кірісі өседі. Бұл кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етпек. Мәжіліс спикері бірінші оқылымдағы барлық ұсыныстарды әлі де зерттеп, барлық болуы мүмкін олқылықтардың алдын алуды тапсырды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері:

Корпоративтік табыс салығы сол өңірде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге байланысты. Ал олардың табысы түрлі факторлардың әсерінен құбылып тұруы мүмкін. Сондықтан өңірдегі қаражат әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жеткілікті болуы міндет. Үкімет салықты жергілікті бюджетке аударған соң кез келген жағдайда көмек беруге дайын болуы керек. Ең бастысы бұл өзгеріс мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына кері әсер етпеуі тиіс.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу