Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 101 000 теңге болуы шарт.
Балл қалай саналады?
• «Еңбек» бағдарламасына кіретін 100 сұранысқа ие кәсіптің бірін меңгерген өтініш берушіге – 10 балл;
• Отбасылы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2 балл;
• 1 бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл;
• Кемі 1 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болсаңыз – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
• Түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктері – 2 балл;
• Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне – 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл;
• Екінші деңгейлі банктердегі (депозиттеріндегі) жинағының әрбір жылы үшін – 2 балл.
Балл тең болған жағдайда өтінішті бұрын берген үміткерлер басымдыққа ие болады.
- Баспаналардың жалпы ауданы - 70-90 шаршы метр
- Жалға беру құны шаршы метрге байланысты айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін;
- ІМ жас қызметкерлері мен тұрғын үй төлемдерін алмайтын әскери қызметшілер қатыса алады.
- Құжаттар 10 қарашаға дейін қабылданады
Қосымша ақпарат — 109.