Алматыдағы көшеге Мөңке бидің есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы көшеге Мөңке бидің есімі берілді

05.11.2019

Алматыдағы көшелердің біріне дала данышпаны, жырау Мөңке би Тілеуұлының аты берілді. Салтанатты шараға тарихшы-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен бидің ұрпақтары қатысты. 

Мөңке би - XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға, кемеңгер ойшыл. Би туралы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Жұбанов еңбектерінде, жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Елең-алаң» романында тарихи деректер көрсетілген. Шара аясында ғылыми-тәжірибелік жиын мен би туралы тарихи деректер, аңыз әңгімелер жинақталған кітап таныстырылды. 

Смағұл Елубай, жазушы:

Мөңке би кезінде тек қана жырау болмаған, тек қана би болмаған, сонымен қатар атқа мінген тұлға да болған. Хан Әбілқайырдың үлкен билерінің бірі болған.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу