Жыл басынан бері инфляция 3,9%-ды құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері инфляция 3,9%-ды құрады

04.11.2019
Жыл басынан бері инфляция 3,9%-ды құрады

Биыл жыл басынан осы уақытқа дейін Қазақстанда инфляция 3,9%-ды құрады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 10 айында азық-түлік бағасы 7,2 пайызға, оның ішінде күрішке – 22,5%, ұнға – 19,9%, мұздатылған балыққа – 16%, қой етіне – 15,6%, жармаларға – 15,4%, картопқа – 15,3%, сиыр етіне – 15%, нанға – 13,4%, жылқы етіне – 12,9%, құс етіне – 11,2%, шошқа етіне – 10,5%, макарон өнімдеріне – 9,9%, кофеге – 9,2%, ет өнімдеріне – 9%, мәйекті ірімшікке – 8,3%, сары майға – 7,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,4%, шайға 6,3% қымбаттады. Ал ақылы қызметтердің бағасы 0,1%-ға төмендеді.

Салқындатылған сусындар бағасы – 11,2%, темекі өнімдері – 10,7%, алкогольді ішімдіктер 7%-ға артқан. Ал жаңа жиналған көкөністерге керісінше 14,1%-ға, құмшекерге 14%-ға төмендеген.

Сондай-ақ баға оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,6%, кеңсе таурларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,5% өскен. Бензин бағасы – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%, дизель отыны 0,7% арзандаған.

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеген.

Хабарламаларға жазылу