Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен жеке-жеке кездесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен жеке-жеке кездесуде

03.11.2019

Президент аптада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен жеке-жеке кездесулерін жалғастырды. Алматыдағы резиденциясында «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен жүздесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды, деп жазды «Ақ Орда» сайты. Жеміс Тұрмағамбетованың өзі фейсбуктегі парақшасында пост жазды.

Ал Алматы жоғары басқару мектебінің және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту, сондай-ақ, мәнді мәнсізге айналып, мағынасыз әңгіменің көбейгенін қозғаған.


Хабарламаларға жазылу