Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

21.02.2020

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. Саясат Нұрбек Президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайын баяндады. Сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері сөз болды. Білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілетінін айтты Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен де кездесті. Онда ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу