Бүгін Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымырандар ұшырса керек. Олар Жапония мен Корей түбегі арасындағы теңізге құлаған. Мұны осыдан бірер сағат бұрын Токио мен Сеул мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, сынақтар түстен кейін өткізіліп, бұрынғы тәжірибелерден уақытымен ерекшеленген. Осыған дейін Пхеньян ракеталарды таңсәріде жіберіп келді.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің мәлімдеуінше, зымырандар «Күн Шығыс» елінің экономикалық аймағына жақын жерге құлаған. Сондықтан үкімет басшысы бұл сынақты «аймаққа төнген қауіп» деп атады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ