Қазақстанда 42 миллион SIM-карта тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 42 миллион SIM-карта тіркелген

30.10.2019

Қазақстанда 42 миллион SIM-карта тіркелген. Ал халықтың саны 18 миллион. Демек әр азаматтың меншігінде 2-3 сим-картадан бар. Мәселе санда емес, сол сим-карталардың көбінің «адасып» жүруінде. Бір тұрғынның атында жүздеген нөмір тіркеліп кеткен. Мұны енді естіп-біліп жатқан қазақстандықтар қазір жаппай тексеріп, бөтен нөмірлерді жоюда. Нәтижесінде мыңдаған азамат байланыссыз қалып, наразылық білдірді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде мамандар нөмірді тіркеудің маңыздылығын тағы бір мәрте түсіндірді. Жалпы тіркеудің де, тексерудің де тәсілі жеңіл. Ол үшін rfs.gov.kz сайтына кірсеңіз жеткілікті.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу