Енді елімізге келген шетелдіктер шекарада миграциялық тіркеуге алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді елімізге келген шетелдіктер шекарада миграциялық тіркеуге алынады

30.10.2019

Енді елімізге келген шетелдіктер шекарада миграциялық тіркеуге алынады. Қазіргі таңда әлемнің 57 мемлекетінен келген азаматтарды дәл осылай тіркеу жүйесі жұмыс істеп тұр. Бұдан былай, бұл талап барлық елдердің азаматтарына қатысты қолданылмақ. Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сала мамандары миграциялық тіркеу қызметінің жеңілдетілгенін айтты. Сонымен қоса, бірқатар анықтамаларды қолданыстан алып тастау мәселесі де сөз болды. Жойылатын құжаттардың алғашқысы — мекенжай анықтамасы. Басқа анықтамаларды да алып тастау бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр.   

Абылайхан Оспанов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

1-ші қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді... Сұрата алмайды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу