Экологиялық талапқа сай емес жылыжай иелері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық талапқа сай емес жылыжай иелері жазаланды

30.10.2019

Жылыжайлар қоршаған ортаға орасан залал келтіріп жатыр. Ал мұндай шаруашылықтың үштен екісі Түркістан облысында. Жылдың төрт мезгілінде де көкөніс, жеміс өсіріп, табысқа кенелетін кәсіпкерлер жылыжайларын жылыту үшін тонналап көмір жағады. Соның кесірінен тұтас ауылдар түтінге тұншығып, улы газ жұтып отыр. 

Тұрғындардан осындай шағым түскен соң, облыстық экология департаменті Сарыағаш, Қазығұрт, Келес аудандарындағы бірқатар шаруашылықтарды тексеріп шықты. Осылайша көптеген жылыжайларға сүзгі қондырғысы орнатылмағанын анықтады. Экология департаменті 17 жылыжай қазандығының жұмысын тоқтатты. Ал 4 бірдей қожалық иесі қылмыстық жауапқа тартылады. Ол аздай 30 млн 480 мың теңге айыппұл салынды. Себебі олардың әрқайсысы табиғатқа 2 млн 525 мың теңгеден астам зиян келтірген.  

Имангелді Түймебаев, облыстық экология департаментінің басшысы:  

Жылыжайлар көптеп салынып жатыр. Қазығұрт, Сарыағаш, Сайрам, Түркістанның өзінде. Кәсіпкерлік бойынша несие алып, шаруашылық жүргізіп отыр. Бірақ олардың бәрі экологиялық талаптарға сай емес.

Хабарламаларға жазылу