Біздің елде комикс саласы енді дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біздің елде комикс саласы енді дамып келеді

13.10.2014
Біздің елде комикс саласы енді дамып келеді

Мәдибек Мұсабек – комикс салумен айналысады. Баяндау мен бейнелеу өнері тоғысқан жанрда бояуы қанық түстерді қолданып, суретті сөйлете білу керек. Былтыр жас дарынның Ермек батыр туралы комикс кітабы жарық көрді. Халық ертегілерін оқып өскен батыр, оқиғаны ойдан шығарыпты.

«Мен сәулетші мамандығын тәмамдадым. Келешекте осы салада жұмыс істермін. Бірақ, сурет, комикс салу жаныма жақын. Сол себепті, бүгінде тек саламен айналысудамын»,-дейді комиксмейкер.

«Ермек батыр» кітабы ТМД елдеріне тез тарап кетті. Комикс кейіпкері көшпенді дәуірдің ержүрек ұланы. Арман қуып, алыс сапарға шыққан батыр он жыл бойы талай тауқыметті бастан кешеді.

Туған жерге жетіп жығылуы үшін үйіне апарар жол іздейді. Дию, пері, жезтырнақ секілді зұлым күштермен айқасады. Заман талабына сай өнім талғамды дөп басқан.

«Менің мақсатым – Ермек батырдың оқиғасын толығымен баяндау. Кейін мультфильм болса, соның экранизациясымен айналысу»,-дейді автор.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу