Филиппин аралдарында болған зілзаладан ғимараттар құлап, адамдар мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында болған зілзаладан ғимараттар құлап, адамдар мерт болды

29.10.2019

Филиппин аралдарының оңтүстігінде болған зілзала құрбардарының саны өсіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, 6,6 баллдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Және де қалалар мен елді мекендерде ғимараттар теңселіп, адамдар жаппай сыртқа қашқан. Апатқа байланысты кейбір аудандарда оқу тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды.

Дүмпудің эпицентрі Котабато провинциясының Тулунан қаласынан 25 шақырым жерде 7 метр тереңдікте анықталды. Оған жақын орналасқан үш ауылда үйлердің 90 пайызы қираған.

Айта кетсек, бұл мемлекетте қазанның 16-да болған 6,3-балдық зілзаладан 5 адам мерт болып, талай аурухана мен сауда орталығы және кеңселер зақымданған еді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу