Базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз күйінде сақтау туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты. Ведомство басшысының сөзінше, қазір елдегі инфляция көрсеткіші алдын ала болжамға сәйкес қалыптасып отыр. «Сондықтан инфляцияның мұндай бағамы жыл аяғына дейін төрт те алты дәліздік деңгейінде сақталады», - дейді Банк төрағасы. Өйткені олардың теңгерімі көп өзгермеген. Оған қоса, базалық мөлшерлеме келер жылы да айтарлықтай өспеуі тиіс.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Инфлацияның ағымдағы деңгейі біздің алдыңғы болжамдарымызға сәйкес қалыптасуда. Қыркүйекте инфляция 0,3 процент болды. Жылдық көрсеткіште ол 5,3 процент болды. Сонымен қатар, өткен айда сырт киіммен жаңағы аяқ киім бағасының осындай кезеңге тән маусымдық қымбаттауы байқалған жоқ.
Аманкелді Сейітхан