Сарыағашта «Ханбибі оқулары» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағашта «Ханбибі оқулары» байқауы өтті

29.10.2019

Қазақ поэзиясына ақиқаттың уытына оранған рухты өлеңдерімен айырықша леп алып келген ақын Ханбибі Есенқарақызы биыл 70 жаста. Ақынның шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданында «Ханбибі оқулары»  байқауы өтті. 

Жыр мүшәйрасына өңірдің барлық аудан-қалаларынан 18 жырсүйер жас қатысты. Байқауда сөз шеберлері бір-бірінен оза шауып, Ханбибі ақынның өлеңдерін әсерлете жырлады. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалауда олардың тақырып таңдауына, тіл тазалығы, оқу шеберлігіне және сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударды. Үш аталым бойынша өткен мүшайра жастардың поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйреткені анық. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге Отырар ауданының тумасы Оразәлі Дәуменов лайық деп танылса, І орын Төлеби ауданының мектеп оқушысына бұйырды. Ақын Ханбибі Есенқарақызының мерейжасы қараша айында Түркістан төрінде мұнан өзге де шаралармен жалағасын таппақ. 

Жасмин Камал, мектеп оқушысы:

Хан апаның шығармашылығы керемет. Оқыған кезде ерекше шабыт аласың. 

Ханбибі Есенқарақызы, ақын:

Қазір жастар кітап оқымайды деген сөз бар. Ол дұрыс емес. Жастардың кітап оқитынын, тіпті жаттап оқитынына бүгін көзім жетіп отыр. Ел аман болсын, осындай дәстүрлер жалғасын таба берсін. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу