Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметовқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату берілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметовқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату берілмеді

25.10.2019

Серік Ахметовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап жазған өтініші қанағаттандырылмады. Сот отырысына адвокат барлық қажетті құжаттарды алып келген. Айтуынша, экс-пермьер шығынды толық өтеген, пробация қызметіне уақытылы келіп тұрған, оң мінездемесі бар. Алайда прокурорлар Серік Ахметовтың осы аралықта толық түзелгенін айғақтайтын нақты дәлелдер керек деп санайды. Бірақ ол қандай критерилермен өлшенеді, айыптаушы тарап ол жағын айта алмады. Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйек айында жаза жеңілдетіліп, бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Мерзімінің аяқталуына әлі үш жыл бар.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу