Атырау облыстық перзентханасындағы 28 дәрігер ақыры жұмыстан кететін болды. Олардың арыздарына қол қойылды. Мамандар енді 7 қарашаға дейін жұмыс істейді.
Перзентхана дәрігері сәбиді тоңазытқышқа салып өлтіргеннен кейін мұндағы дәрігерлерге халық сенімсіздік танытты. Бастапқыда қысымға шыдамаған 31 маман қызметінен кетпекке бекінді, кейін үшеуі райынан қайтты. Кадрлардың орны босағаннан кейін, көрші аймақтардан маман шақыртылуы мүмкін.
Майра Қашкенова, «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі кәсіподағы облыстық филиалының төрайымы:
Қазір біз дәрігерлерге заң тұрғысында көмек беріп жатырмыз. Жұмыстан шықпаққа бекінген қызметкерлердің көбі - жергілікті мамандар. Сондықтан олармен түсіндіру жұмыстары жалғасады. Менің ойымша, олар үйренген ортасынан кетпеуі тиіс.
Жандос Темірғали