Ұлттық құндылықтардың дәріптелу деңгейі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтардың дәріптелу деңгейі қандай?

24.10.2019

Жоғалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту үшін не істеу керек? Алматыда бас қосқан ұлт зиялылары осы мәселені кеңінен талқылады.

Олардың сөзінше, бүгінгі буын ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тереңінен танып, ұлттық негізде бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеруі қажет. Содан кейін сан ғасырлар бойы сұрыпталған дәстүрімізді дәріптеп, насихаттау - міндет. Ал кейбір құндылықтардың ұмытылып бара жатқандығын айтқан мамандар тарихты қайта зерттеп, жаңа қырынан танытуға күш жұмсамақшы. Алқалы жиында осы проблемаларды шешу жолдары көрсетілді. Енді сол ұсыныстарды жауапты орындарға жолдамақшы.

Шаяхмет Имашұлы, өнертанушы:

Соңғы жылдары мына ұлттық құндылықтарға бет бұрып, солардың барлығын түгендеп, қай жерден әттеген-ай жібердік, қай жерден осалдық таныттық деген әңгімелер туып отыр. Бұл - өте керек дүние.

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу