Маңғыстауда көп балалы аналар қоныс тойын тойлап жатыр. Қарақия ауданы Құрық ауылында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, осынша жанұя қуанышқа кенелді.
4 қабатты 5 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Жоба құны - 835 миллион теңге. Баспаналар тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне, аз қамтылған отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға берілді. Ауданда бұдан бөлек, тағы да 144 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысын салу жоспарда.
Күләш Өмірзақова, көп балалы ана:
Мен көп балалы анамын. Өте қуаныштымын. 2009-да бердім арызды. 2019-да алдым. 10 жыл күттім үйімді. Қуанышымда шек жоқ.
Назым Ақсүйгенова, Құрық ауылының тұрғыны:
2 топтағы мүгедекпін. Құрық ауылының тұрғынымын. Бүгін баспаналы болып жатырмын. Бәріне де құтты болсын, көптен күткен баспанамыз.