Әзербайжан астанасы Бакуде жалақының төмендігіне, коррупцияға, демократияның жоқтығына қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Жанжал кезінде бірталай адам тұтқындалды. Олардың ішінде «Халық майданы» партиясының лидері де бар. Соққыға жығылғандары да бар.
Баку полициясы басшысының орынбасары қанша адамның ұсталғанын атаған жоқ. Және де жараланғандардың саны белгісіз.
Митингілерге байланысты қаланың бірнеше орталық көшесі жабылып, кейбір метро станциялары жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар, мұнда интернеттің қызметі де нашарлаған.
Арыстан РЫСБЕК