ЭКО арқылы өмірге келген келіншек ана атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКО арқылы өмірге келген келіншек ана атанды

18.10.2019

Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген келіншек ана атанды. Бұл - біздің елдегі экстрокорпоральды ұрықтандыру саласындағы бірінші жағдай.

Сәбиді бүгін туыстары Алматыдағы №1 қалалық перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы. Туған кезде салмағы 3,2 келі болған. 

Олеся Шин осыдан 22 жыл бұрын жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген. Анасы 3 жыл құрсақ көтере алмай, мамандардың көмегіне жүгінген. Осылай өмір есігін ашқан қыз тұрмыс құрғаннан кейін табиғи жолмен жүкті болып, шекесі торсықтай ұл босанды.

Олеся Шин, қала тұрғыны:

Денсаулығымыз жақсы. Бақыттымын. Көп рақмет.


Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу