ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі себептерін зерделеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаның өсуі мәселесін селекторлық режімде тұрақты түрде қарастырамыз. Бұл тұрғыда бағаның өсуіне ықпал еткен факторларға талдау жасалып, тиісті қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
inform.kz