Индонезиядағы орман өртіне байланысты елде мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезиядағы орман өртіне байланысты елде мектептер жабылды

15.10.2019

Индонезияда орман өртінен таралған қою түтінге байланысты бірнеше провинцияда мектептер жабылды. Алдағы уақытта жағдай жақсармаса, оқушыларды сабақтан тағы босатуға тура келеді. Елде тамыздан бері орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жаумен күреске мыңдаған өрт сөндіруші, ондаған ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Дегенмен отты толықтай өшіру мүмкін болмай тұр. Тіпті қолдан жауын жаудыратын жасанды бұлттар да көмектеспеді. Жергілікті билік бұл апатқа шаруаларды кінәлап отыр. Өйткені олар шаруашылықтан қалған қоқысты жағып, өрттің таралуына себепші болуы мүмкін. Ащы түтін, тіпті көршілес Малайзия мен Сингапурге де жеткен. Сондықтан бұл мемлекеттердің билігі Индонезиядан өртпен күреске көбірек күш жұмсап, оны толықтай сөндіруді талап етіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу