Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердегі жол ақы құны жақын арада қымбаттамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердегі жол ақы құны жақын арада қымбаттамайды

15.10.2019

Алайда автобус парктерінің шығынын өтеу үшін жылына мемлекет тарапынан 15,7 млрд теңге субсидия қажет. «Астана ЛРТ» мекемесінің басшысы тарифтерге қатысты мәселе келесі жылы талқыланатынын айтты. Егер де әкімдіктің қазынасындағы қаражат жетпей жатса, онда жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін. Дегенмен, былтырғы өзгерістерден кейін тасымалдаушылардың табысы 40 пайызға артқан. Қазіргі таңда қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі тек 7 процентті ғана құрайды. Электронды жүйенің арқасында қаржы айналымын бақылау жеңілдей түскен. Енді алдағы уақытта тұрғындарға қолайлы болуы үшін автобустарда банк карталарымен төлеу мүмкіндігі енгізілмек. 

Жеңіс Жалбыр, «Astana lrt» көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры.

Қазіргі кезде біз пилоттық тәжірибе өткізіп жатырмыз. 20-шы бағдарда виза карталарымен төлем басталды. Оған тиісті жаңа құрылғылар,жаңа валидаторлар қойылды. Осы тәжірибе жақсы, табысты жүзеге асқаннан кейін басқа да бағыттарда сондай тәжірибені қолданатын боламыз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу