«Nur Otan» партиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған 10 міндеттің жүзеге асырылу жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған 10 міндеттің жүзеге асырылу жолдары талқыланды

24.06.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бағыт-бағдары жақын арада айқындалуы қажет. Халық пен билік арасындағы көпірге айналуы тиіс бұл кеңестен қоғамның күтері көп. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделген дөңгелек үстел өтті. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған 10 міндеттің жүзеге асырылу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын қалыптастыру, оның ережелері бойынша ұсыныстар тыңдалды.

 

Диқан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры: 

 

Нұр-Сұлтан қаласымен Алматы қаласының әлеуметтік жағдай өте өткір тұр. Бұл көпбалалы отбасы, одан кейін түрлі аз қорғалған бөліктен шыққан азаматтардың жағдайы осыған байланысты бұған дейін де бірнеше кеңестер құрылып, олардың ұсыныстары, соған байланысты байламдары ортаға тасталған болатын. Ал мына жаңа кеңес осыған мүмкіндіктер береді ғой деп ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу