Басты Жаңалықтар Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Ақордада көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа білім беру мәселелері көтерілді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы және Жолдауда айтылған міндеттерді орындау үшін бірқатар тапсырма берді. Ерлан Саировпен кездесуде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-рухани жағдай жайлы әңгіме өрбісе, Мұхтар Тайжанмен мемлекет басшысы жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтегендердің жұмысқа орналасуын талқылады.

Альбина ӘШІМ


Бөлісу