Хамит Балшабековтің «Таулар ұйықтамайды» кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хамит Балшабековтің «Таулар ұйықтамайды» кітабының тұсаукесері өтті

14.10.2019

Шығыс Қазақстанда Хамит Балшабековтің «Таулар ұйықтамайды» атты кітабының тұсауы кесілді. Жаңа кітап ақынның 80 жылдық мерейтойының құрметіне шықты. 

«Шығыстың Мұқағалиы» атанған Хамит ақын ұзақ уақыт Шығыс өңіріндегі Шілікті ауылында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. Тарбағатай ауданынның мәдениет саласында да еңбек етіп, ақындықпен қатар актерлік өнерін де шыңдай білген. Ең алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген болатын.

Гүлбаршын Абылғазинова, өлкетанушы:

Бұл кітапта Хамит ағаның туған жеріне, еліне деген махаббаты, сағынышы, жалпы өмірге деген іңкәрлігі топтастырылған. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу