«Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекетінің бастауында» Атырауда осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға елімізден және Қытай, Түркия,Ресей, Германия, Украйна сынды мемлекеттерден білікті ғалымдар келіп, құнды деректерді паш етті. Ғылым өкілдері, архивтерден алынған құпия құжаттардың негізінде, Алтын орда империясының заңды мұрагері, қазақтар екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Мәселен, Алтын орданың гүлденген дәуірінде батыс қақпадағы Сарайшық, осы ұлыстың мақтан тұтар шаһары болған. Бүгінде 700 жылға жуық тарихы бар көне қаланың құпиялары ашылып, ғасырлар мұрасы жер бетіне шығуда
Амантай Исин, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор /Семей:
Алтын Орда әлемдік маңызы бар мемлекет қой. Мұның енді негізгі жерінің бірі осы Қазақстан. Жошы ұлысы мен Алтын орданың да, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысының да,Шығыс Дешті Қыпшақ, Орда мемлекетінің де, яғни бәрінің мұрасы осы біздің жерімізде.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ