Иран президенті Хасан Рухани Түркияны Сирияда әскери операция бастамауға шақырды. Мұндай мәлімдемені ол Ислам Республикасының армиясы Түркиямен шекаралас солтүстік-батыста жаттығу өткізіп жатқанда жасап отыр. Сонымен қатар, Рухани сириялық күрдтерді президент Башар Асад пен үкімет күштерін қолдауға үндеді.
Түрік жауынгерлері мен Сирия Азат Армиясы оппозициялық күштері Сирияның солтүстігіне «аз уақыттан» соң енеді. Бұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоғанның байланыс қызметінің директоры Фахреттин Алтун хабарлады.
Өткен тәулікте Сирия жаққа Түркиядан әскери техника мен сарбаздар аттанды. Олар Араб республикасының теріскейін күрд отрядтарынан тазартып, бұл аймақта Түркияға қашқан миллиондаған босқынды қоныстандыратын жер босатуы керек.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ