Садықожа Мошанұлының 100 жылдығы кең көлемде тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садықожа Мошанұлының 100 жылдығы кең көлемде тойланды

08.10.2019

Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әйгілі әнші-сазгер, айтыскер ақын Садықожа Мошанұлының 100 жылдығы кең көлемде тойланды. Күллі қазақтың жүрегінен орын тепкен "Сары бидай" әнінің авторына ескерткіш орнатылды. 

Сағындым, сәулем, ауылыңды-ай! 

Садықожа Мошанұлы 1917 жылы киелі Кетпентаудың етегіндегі Кетпен ауылында туған. Балалық шағы ашаршылық кезеңімен тұстасып, 14 жасында елмен бірге шекара асып кетеді. Сол жақта жүріп, туған жерге деген сағыныштан мұң мен зарға толы әндер мен өлең-жырлар шығарып, кеңінен таныла бастайды. Кейін сүзек ауруына шалдығып, небәрі 29 жасында өмірден өткен. Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған талант иесінің ғұмыры қысқа болғанымен, артында өшпес мұра қалды, дейді зерттеушілер. Композитордың шығармалары 90-шы жылдардың басында қазақ әндерінің 2 томдық антологиясына енген.

Құныпия Алпысбаев, Филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы:

Садықожаның өзі айтыскер ақын болған. Әндерінің көпшілігі сол айтыста айтылған өлеңнің үзіктері деуге болады. 

Әртүрлі әндерді Садықожанікі деген пікірлер. Ал, ол пікірлерге қосыла беруге болмайды.

Ал, болашақта қандай әндері табылып жатады, ол уақыттың еншісіндегі нәрсе. Оның стильдік ерекшелігі, тағы басқа қасиеттері туралы пікірлер бола беретіні сөзсіз. Ізденіс жалғаса беретіні сөзсіз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу