Ақмола облысында аудан әкімдерінің рейтингі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында аудан әкімдерінің рейтингі жасалды

07.10.2019

Ақмола облысында алғаш рет аудан әкімдерінің рейтингі жасалды. Әкімдердің жұмысын өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары саралап, бағасын берген. Аудан, қала басшыларының қызметі 15 талап бойынша қаралды. Олардың барлығы дерлік кәсіпкерлікке жағдай жасауға байланысты. Тартылған инвестиция көлемі, бизнес нысандарының көбеюі, экономикалық қылмыстардың азаюы, жер бөлу сынды кәсіпкерлік үшін өзекті бағыттар қамтылған. Елдімекендердің бас жоспарының болуы, қала құрылысы жайлы ақпараттардың ашықтығы да назарға алынды. Себебі бұл мәселелер қазір Ақмола облысында бизнеске қолбайлау болып тұр. Рейтинг бойынша ең жоғары ұпай 15 болғанымен бірінші орынға лайықты болған әкімнің көрсеткіші 10 балл ғана. Аудан, қала әкімдерінің жұмысын осылайша бағалау әдісі облыс басшылығынан қолдау тапты. Рейтинг енді жыл сайын жасалады.   

Шыңғыс Теміров, Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Біз әкімдіктердің және әкімдердің бизнесті қолдауға, инвестиция тартуға қаншалықты көңіл бөлетіндігін қарадық. Егер де ауданда белгілі бір көрсеткіштер төмен болса, бұл әкімдердің тиісті жұмыстарды атқармағанын көрсетеді. Рейтингте бірінші орынды 10 баллмен Шортанды ауданының әкімі алды. Соңғы орында Есіл ауданы. 5 ұпай ғана. Көкшетау да соңғы бестікте. Шаһар басшысының жұмыс 7 деген баға алды.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу