Әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды

03.10.2019

Әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен жүздеген адам қатысып, бағын сынады. Бас бәйгені Өскемендік студент жеңіп алды. Қалған жүлделі орындар Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз сынды бірнеше қаланың жалынды жастарына бұйырды. Оларға бағалы сыйлықтар беріліп, хакім Абайдың шығармалары табысталды. Жобаның мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпараттық қолдау жасау және Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Әмірхан Рахымжанов, Елбасы кітапханасының директоры:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастап, жастар қолдап, енді шетелдегі әйгілі азаматтар Абайдың өлеңдерін айтып сыйын беріп отыр. Бұл еліміздің ұлы Абайын насихаттау және жастарға тәрбиелік мәні өте зор.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу