АҚШ Еуропада жасалған 7 жарым миллиард доллардың өнімдеріне қазанның 18-нен бастап импорттық салықты өсіретінін жариялады. Солардың қатарында «Эйрбас» компаниясының ұшақтары бар. Ал Франция, Италия шараптарына, шотланд, ирланд вискилеріне және еуропалық ірімшіктерге, киім-кешектерге, жүнге, зайтүн майларына тариф 25 пайызға көтеріледі.
Вашингтонның мәлімдеуінше, Еуропа мемлекеттері өндіріске субсидия бөліп, бағаны түсіріп, әділетсіз бәсекеге жол беріп отыр. Бұнымен келіспеген Брюссель Құрама Штаттарды жауапсыз қалдырмай, Америкадан келетін тауарларға да салықты жоғарылататынын ескертті.
Арыстан РЫСБЕК