Елімізде киім қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде киім қымбаттады

16.04.2021

Елімізде киім қымбаттады. Energyprom сарапшыларының хабарлауынша әсіресе, ерлер киімінің бағасы көбірек өскен. Зерттеу нәтижесіне қарасақ, бір жылда балалар киімі - 4,5; әйелдердікі - 4,9; ал ерлердікі - 5 пайызға қымбаттаған.

Бағаның өсуіне теңгенің әлсіреп, импорттық тауар құнының қымбаттауы себеп. Өйткені нарық сырттан келетін өнімдерге тәуелді. Мәселен отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 0,6 пайызын ғана қамтиды. Ал қалғаны импортқа тиесілі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу