Атырауда мұнай қалдықтары шашылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай қалдықтары шашылып жатыр

03.10.2019

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясы заң алдында жауап беруі мүмкін. Аталған мекеме Атыраудың іргесінде ашық-шашық күйінде кілкіп жатқан мұнай қалдықтарын нұсқамаға сәйкес 1 айдың ішінде тазалуы керек еді. Біздің арна бұл проблеманы Aqparat-тың 12 қыркүйек күнгі эфирінде көрсетті. Алайда күрделенген мәселе бүгінге дейін «баяғы жартас, сол жартастың» күйін кешіп тұр. 

Өңір экологтары мен прокурорлары ушыққан іске білек сыбана кірісіп отыр. Әзірге қоршаған ортаға және адам өміріне қауіпті төгінділердің нақты қашан шығарылатыны белгісіз. Жатқанына 15 жылға жуық уақыт болған. Бір бөлігі буланып ауаға тараса, қалғаны жерге сіңуде.

Ерлан Қадилов, Атырау облысы бойынша мемлекеттік эклогиялық инспектор:

Департаментпен берілген нұсқама орындалмаған жағдайда департамент тарапынан ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес іс қозғалады. Содан соң сот органдарына қарау үшін жолданады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу