Атырауда мұнай қалдықтары полигонға төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай қалдықтары полигонға төгілді

02.11.2020

Атырау мұнай өңдеу зауытынан ақау шығып, көп мөлшердегі мұнай аралас су полигонға төгілді. Кәсіпорын өкілдері биологиялық тазалау қондырғысының істен шыққанын және қалдықтың экологияға еш зияны жоқ екенін айтып отыр. Қазір құрылғыдағы техникалық кінәрат жөнделді. Өңір экологтары жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын бастады. Арнайы комиссия алдағы он күнде қоршаған ортаға келген залал көлемін есептемек. Қара алтын араласқан судан сынама алынды. Зертханада тексеріліп жатыр. Қорытындысы 3-4 күнде шығады.   

Ерсайын Жарбосынов, «АМӨЗ» ЖШС департаментінің басқарушы директоры:  
-Биологиялық қондырғыдан сағатына 400-500 куб метр су кетеді. Ал, оның бетіндегі қалқып жүрген биологиялық шламның мөлшері өте аз. Биологиялық шлам қоршаған ортаға ешқандай зиянын келтірмейді. 
Әлібек Бекмұхаметов, облыстық экология департаментінің басшысы:  
-Қазір тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Экологиялық кодекске сәйкес 2 сағат ішінде осындай жағдайда хабарлауы керек болатын. Нақты олардан хабарлама болған жоқ.  

Жандос Темірғали 


Мұнай өңдеу зауыты Атырау

Хабарламаларға жазылу