Алматы әкімі Арыстағы үйлердің сапасын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі Арыстағы үйлердің сапасын тексерді

02.10.2019

Алматы қаласының әкімдігі Арыста жазда болған жарылыс салдарынан бұзылған 503 үйді қайта қалпына келтіріп, 28 жаңа баспана салып берді. Ірі мегаполистің жауапкершілігіне берілген аймақтағы құрылыстың сапасын шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев тексерді.

Арысқа бүкіл ел жұмылып, қала қалпына келтірілді. Бұған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар атсалысып, көмектесті. 17 сектордың №14 секторы Алматыға берілген. Осы уақытқа дейін қираған баспаналарды жөндеуге алматылық 5 құрылыс компаниясының 300-ден астам жұмысшысы жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі Түркістан қаласына сый ретінде медиа орталық салып жатыр. Көлемі 3000 шаршы метрден асатын кешенде облыстың барлық телеарнасы мен газет және радио редакциясы орналасады.

Сәкен Қалқаманов – Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

Үш студия болады. Жаңалықтар, бағдарламалар студиясы және виртуальды студия.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу