Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақпен ортадағы өзара қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханиді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.