4 наурызға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 наурызға арналған күнтізбе

06.03.2017
4 наурызға арналған күнтізбе

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

Халықаралық құймақ күні   

1950 жылы АҚШ-та пайда болды, кейіннен әлемнің түрлі елдеріне таралды.  

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1999) Алматы көшелерінің біріне Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі беріліп, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

17 жыл бұрын (2000) Қостанайда, Киров атындағы көшеге қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтің есімі берілді.

6 жыл бұрын (2011) Лондонда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильяновқа Виктория Патшайым атындағы награда тапсырылды.

6 жыл бұрын (2011) Қазақстан Журналистер одағы мен «Қазақстан даму банкі» АҚ «ДАМУ» журналистер сыйлығын жариялады.

 

ЕСІМДЕР  

112 жыл бұрын (1905-1987) ақын ЭЮПОВ Ғафар (Ғафар Бұлғанақұлы) дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1954-1999) өнертанушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты ЕЛЕУКЕНОВА Гүлжауһар Шериязданқызы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу