16 ақпанға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 ақпанға арналған күнтізбе

16.02.2017
16 ақпанға арналған күнтізбе

16 ақпан, бейсенбі, 2017 жыл

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1895-1946) театр суретшісі, кинорежиссер, Қазақстанның Халық суретшісі ЛЕВИН Моисей Зелекович дүниеге келді.

84 жыл бұрын (1933) философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Жабайхан Мүбаракұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1935) қазақстандық хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының және Нью-Йорк Ғылым Академиясының академигі ЛОХВИЦКИЙ Сергей Викторович дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1938) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері  Сәбит Құрашұлы ХАМЗИН  дүниеге келді.

56 жыл бұрын (1961) ғалым-агроном, саясаттанушы ЖОРОВ Николай Николаевич дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу