Алматыда әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбекке ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбекке ескерткіш тақта орнатылды

30.09.2019

Алматыда көрнекті ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбектің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Жетісу ауданындағы 8-ші үйде қаламгер өмірінің соңғы жылдарын өткізген. 5 жыл бұрын өмірден озған ақынның артында мол мұрасы қалды. Қазір еңбектері қолдан-қолға түспейтін құнды дүниелерге айналды. Тақтаның ашылу рәсіміне белгілі жазушылар мен көз көрген әріптестері қатысты. Сонымен қатар, туған жері Оңтүстік Қазақстан облысынан ақынның анасы да келді. Жиналғандардың сөзінше, алдағы уақытта ақынның екі томдық таңдамалы жинағы шығады. Бұдан бөлек, Шардара қаласынан Әмірхан Балқыбек атындағы ақындар аллеясы ашылмақшы.

Маралтай Ыбыраев, ақын:

Әмірханның өмірден өткеніне бес жыл болды. Бүгін мынау артымызда тұрған үй сол Әмірханның бір он жылдай өмір сүрген үйі. Осы жерде ол сүбелі, мағыналы талай дүниелерін өмірге әкелді. 

Әмірхан - интеллектуал, парасаты, пайымы - терең.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу