Жаңа Зеландияда он мыңдаған оқушы климат шеруіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда он мыңдаған оқушы климат шеруіне шықты

27.09.2019

Акциялар бүкіл ел аумағында 40-тан астам қалада өтіп жатыр. Демонстранттар биліктен ауа райының өзгеруіне қарсы шара қолдануды талап етуде. Олар бұл мәселеде енжарлық танытқан мемлекет басшыларын сынап, «Бізге құлақ аспасаңыздар, кейін өкінесіздер!» деп ұрандатты. 

Мұндай ауқымды наразылық акциясы елде осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Оған қатысу үшін оқушылар сабағын, ересектер жұмысын тоқтатқан. Белсенді жастар үкіметке 11 мың азаматтың қолы қойылған ашық хат та жолдады. Онда биліктен климатқа қатысты төтенше жағдай жариялау талап етілген.

Табиғат жанашырлары мұндай қадамға швециялық 16 жастағы эко-белсенді Грета Тунбергтің әрекеті дем бергенін атап өтті. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу